2025 жылы 17 қаңтарда Абай облысында ҚР ҰФҒО мониторинг және бақылау тобы жұмысын аяқтады. Оның қорытындысы бойынша медициналық жедел-жәрдем ауруханасының ғимаратында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Т.Сәбитовтың төрағалығымен, ҚР ҰФҒО директоры М.М.Әденовтің, жергілікті ММСҚ, СЭБД, МФБД өкілдерінің және облыстық медицина мекемелері басшыларының қатысуымен аралас форматта (онлайн/офлайн) қорытынды жиналыс өтті. Онда МжБ нәтижелері тыңдалып, туберкулезбен күрес шараларын жүзеге асырудағы анықталған негізгі проблемалар көтеріліп, оларды шешу бойынша нұсқаулықтар мен кеңестер берілді, сонымен қатар 2025-2027 жылдарға туберкулезге қарсы іс-шаралар бойынша жоспар әзірленіп, мақұлданды.