GeneXpert

GeneXpert туралы білесіз бе?

GeneXpert — бұл туберкулез микобактериясы мен туберкулезге қарсы препараттың бірі рифампицинге төзімділікті анықтайтын автоматтандырылған молекулалы-генетикалық экспресс тест. Осы құрылғының көмегімен туберкулезді 2 сағаттың ішінде анықтай аламыз.

«GeneXpert» -пен жұмыс жасау үшін кең ауқымды ПТР зертханасы қажет емес, анализаторды қарапайым бөлмелерде қолдануға болады. Патенттелген картриджде қажетті талдауды жүргізу үшін барлық қажетті реактивтер бар.

GeneXpert әдісінің артықшылығы — оның жоғары ерекшелігі мен сезімталдығында.Туберкулезге күдікті барлық адамдар үшін GeneXpert тесті тегін жүргізіледі.

GeneXpert аппаратында тест жүргізу үшін пациент өкпеден бөлінетін қақырық үлгісін тапсыруы керек. Қақырықтың 2 сынамасы алынады, оның бірі таңертеңгілік қақырық.Зертханашы үлгіні реагентпен араластырады және қоспаны аппарат модуліне салынған картриджге құяды. Талдау нәтижелері компьютер экранына шығады.Егер GeneXpert нәтижесі оң болса, екінші бөліктен жағынды микроскопиясы жасалынады, ал егер нәтижесі теріс болса, бактериоскопия жасалынбайды, қақырықтың тағы бір бөлігі жойылады.