2025 жылғы 25-26 маусым күндері облыстық фтизиопульмонология орталығы базасында «ҚР аумағында ДТ ТБ қысқа мерзімді ДҚбМ емдеу режимін (BPaL/BPaLM) енгізу және кеңейтудің өзекті мәселелері» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке қатысушылар ДДСҰ ұсынымдары бойынша ДТ ТБ емдеудің жаңа мүмкіндіктерімен және заманауи тәсілдерімен, сондай ақ 3 пилоттық өңірдегі BPaL режимін жедел зерттеудің аралық нәтижелерімен танысты.