Пенитенциарлық жүйеде туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша тренинг

2025 жылғы 11–12 маусым күндері Облыстық фтизиопульмонология орталығының базасында «Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесінде туберкулезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында тренинг өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы «КАФ» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты – қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі контингент арасында туберкулезге қарсы жұмысты жүргізетін мамандардың әлеуетін арттыру.