2025 жылғы 26 сәуірде орталық базасында барлық қызметкерлер мен басшылықтың қатысуымен сенбілік өткізілді. Басты мақсат – орталығымыздың әр бұрышында тәртіп орнатып, тазалықты сақтау. «Таза Қазақстан» акциясы аясында бұл іс-шара бізде тұрақты түрде ұйымдастырылады, сондай-ақ әр бейсенбіде ағаштар мен бордюрлерді ақтау, қоқыс шығару, жақын маңдағы аумақты жинау жұмыстары жүргізіледі.



