Туберкулез инфекциясын анықтау, диагностикалау және емдеудің заманауи тәсілдері

Туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында және Қазақстан Республикасында фтизиатриялық және пульмонологиялық қызметті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының 38-39 тармақтарын орындау мақсатында Семей қаласында 2024 жылдың  29 сәуір — 2 мамыр аралығында облыс мамандарына МСАК деңгейінде туберкулезді инфекция жағдайларын басқару туралы тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты – туберкулезді инфекция (ТБИ) жағдайларын анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша облыстағы іс-шаралардың тиімділігін арттыру.

Оқыту тренингін: Туберкулез инфекциясы бойынша ұлттық тренер — Серікбаева Қағаз Сұлтанғалиқызы, Жаһандық қор жобасы грантының БжБ маманы Раимова Гүлжан Дүйсенқызы, ТИ бойынша облыстық үйлестіруші -Шмеер Наталья Александровна өткізді.

Тренинг барысында қатысушылар ДДҰ-ның туберкулез инфекциясын анықтау, диагностикалау, емдеу бойынша ұсыныстарымен танысып, халықтың мақсатты топтарында скринингтік және профилактикалық емдеуді ұйымдастыру тәсілдерін меңгерді.

Барлық қатысушылар алған білімдері үшін іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, оларға сертификаттар табысталды.