2025 жылғы 19 қыркүйекте біздің орталықта «2025–2026 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмауға, жедел респираторлық вирустық инфекцияларға (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясына (COVID-19) қарсы санитарлық-профилактикалық және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды инфекциялық қызмет жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Эфендиев И.М., дәрігер-эпидемиолог Бихожаева Ш.С. және дәрігер-инфекционист Мансурова А.А. жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – 2025–2026 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмау, ЖРВИ және COVID-19 жұқтырған науқастарды қабылдауға дайындықты қамтамасыз ету; қатаң түрде індетке қарсы тәртіпті сақтау; медицина қызметкерлерінің қырағылығын арттыру; эпидемиологиялық анамнезді терең жинау; уақтылы емдеуді бастау үшін дұрыс дифференциалды диагностика жүргізу, сондай-ақ иммунопрофилактиканы белсенді түрде насихаттау.
Семинарға 62 адам қатысты.