Алғыс хат!

Жақында «Зеленстрой Семей» ЖШС басшысы, Абай облыстық маслихатының депутаты Қасқабаев Мұхаметқали Телеуханұлының бастамасымен Облыстық фтизиопульмонология орталығы аумағында балалар бөлімінің емделушілеріне арналған террасада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған шара аясында қыс мезгілінде балалардың серуендеуіне арналған орынға құрылыс жұмыстары атқарылды.

Бұған дейін аталған мекеме басшысы, облыстық маслихат депутаты Мұхаметқали Телеуханұлының ұйымдастыруымен Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық фтизиопульмонология орталығында» ем қабылдаушы балаларға 1 маусым балаларды қорғау күніне орай бағалы сыйлықтар табысталып, құрмет көрсетілген болатын.

Орталықтың аумағын абаттандыру жұмыстары мен тағы да басқа жұмыстарға белсене араласып, әрдайым атсалысып жүретін «Зеленстрой Семей» ЖШС ұжымы мен Абай облыстық маслихатының депутаты Қасқабаев Мұхаметқали Телеуханұлына Облыстық фтизиопульмонология орталығы мамандары мен басшылығы атынан көптен көп алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да ел ертеңі үшін елеулі істерді атқарып, қызметте табысқа, отбасында бақытқа кенелулеріңізге шын жүректен тілектеспіз!