Адвокациялық жиын

19 шілде күні Семей қаласында туберкулезге қарсы ұлттық серіктестікті дамыту және Абай облысында туберкулез ауыртпалығын төмендетуге азаматтық қоғамның қатысуын күшейту туралы адвокациялық жиын өтті.

Адвокациялық жиын мақсаты — шешім қабылдаушы тұлғалардың туберкулез ауыртпалығын төмендетуге деген ұмтылысын арттыру.

Жиынға қатысушылар: ҚР ҰФҒО, Жаһандық Қордың грант жобасын жүзеге асыру тобы, Фтизиопульмонологтардың Қазақстандық Қауымдастығы, Абай облысы әкімдігінің өкілдері, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті, ЖИТС орталығы, ТБ/АИТВ саласындағы ҮЕҰ.

Ұйымдастырушылар: Абай облыстық фтизиопульмонология орталығы, Жаһандық Қордың грант жобасын жүзеге асыру тобы.