Адвокациялық кеңес отырысы

2025 жылдың 28 қазанында, Семей қаласында, «Номад» қонақ үйінде Абай облысында туберкулезбен күресте мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған адвокациялық кеңес отырысы өтті.

 

Іс-шара ұйымдастырушылары:

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы, Жаһандық қор жобасының бас реципиенті.

 

Кеңес барысында келесі мәселелер талқыланды:

✅ өңірде «Туберкулезді тоқтату» Ұлттық серіктестігін дамыту;

✅ облыстағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы;

✅ ҮЕҰ-дардың туберкулезге қарсы күрестегі рөлі мен үлесі;

✅ туберкулезге шалдыққан науқастарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері.

 

Талқылауға денсаулық сақтау, білім беру, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсенді қатысты. Абай облыстық мәслихатының депутаты Саят Танатаров пікір алмасуға белсенді қатысып, билік органдары, медицина және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша серіктестікті кеңейту, өзара іс-қимылды нығайту және өңірде туберкулездің ауыртпалығын азайтуға бағытталған бастамаларды қолдау жөнінде шешімдер қабылданды.

 

Біз тек бірлесе әрекет еткенде ғана – туберкулезсіз өмірге қол жеткізе аламыз!