Абай облысына жүргізілген мониторинг жұмысы бойынша қорытынды жиналыс

Ағымдағы жылдың 17-21 шілде күндері аралығында ҚР ҰҒФО-ның мониторинг және бағалау тобы Абай облысының туберкулезге қарсы іс-шараларына мониторинг жүргізді. Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 21 шілде күні қорытынды жиналыс өткізілді.

Қатысушылар: Абай облысы ДСБ басшысы, ҰҒФО-ның мамандары, қалалық және аудандық АМСК ұйымдарының басшылары, ОФПО-ның мамандары, “Жәннат-Әлемі” ҮЕҰ.

Қорытынды жиналыста проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.Мониторинг тобының мүшелері облыстағы туберкулезбен байланысты эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұруға қажет іс-шара бойынша кеңестері мен ұсынымдарын берді.