Абай облысына мониторинг сапары

Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаның іс-шараларын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 17-21 шілде күндері аралығында ҚР ҰФҒО мамандары Абай облысына мониторинг жұмысын жүргізуде.

Мақсаты туберкулезге қарсы іс-шараларға мониторинг жүргізу және ұйымдастырушылық-әдістемелік, практикалық көмек көрсету болып табылады.

Мониторингтің бірінші күнінде, яғни 17 шілде күні Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы және ОФПО-ның басшылығымен кездесу болып, мониторинг тобының жұмыс графигі талқыланды.Ары қарай ОФПО-ның бөлімдерінде, сонымен қатар Семей қаласының №12 бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығында мониторинг жұмыстары жүргізілді.

18 шілде күні ҰФҒО-ның мамандары Семей қаласының “Хаким” және №9 емханаларында, ал 19 шілде күні Абай облысының Курчатов қаласы мен Бесқарағай ауданына барып мониторинг жұмыстарын жүргізді.